Студенттер шығармашылық кеш ұйымдастырды



    • Студенттер шығармашылық кеш ұйымдастырды

      АЛМАТЫ. 16 наурыз. Баспасөз орталығы – Университеттің бітіруші курс студенттерінің қорытынды жұмыстарына дайындық басталды. «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 4-курс студенттері дипломдық жұмыстарының аясында «Baqyt tany» атты Серік Қалиевтің шығармашылығына арналған поэтикалық кеш ұйымдастырды.

      Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, айтыс өнерінің серісіне айналған ақын Серік Әкірамұлы Қалиев шығармашылығына арналған кешті 4-курс студенттері Тұрғынова Әсел, Ормантай Назерке, Дайырбек Айдананың ұйымдастыруымен өтті. Шығармашылық кеш ақынның  сөзіне  жазылған әндермен әрленіп, терме-жырларымен айшықталды. Университеттің  «Томирис» би ансаблі де  биден  шашу  шашты.

      Айтулы  шара иесі  де  кеш соңында  қонақтарға өз өнерін  тарту  етті. QyzPU-да қызмет еткен  жылдардағы  естеліктермен  бөлісіп, шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

      Кешті   Хореография және Арт-менеджмент кафедрасының ұстаздары мен  студенттері тамашалады. 

      Айта кетсек, «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының оқу қорытындысын тапсыру негізінде студенттер шығармашылық шара ұйымдастыруы міндетті.

      P.s. Студенттердің  дипломдық жұмыстарын толықтай аяқтау үшін өткізілетін шаралар легі семестр соңына дейін жалғасын таппақ.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: