QyzPU студенттері Ұлттық баскетбол лигасының финалына өтті



    • QyzPU студенттері Ұлттық баскетбол лигасының финалына өтті

      АЛМАТЫ. 16 наурыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баскетбол командасы баскетболдан «Ұлттық баскетбол студенттік лигасы» студенттік командалар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының финалына шықты.

      Ұлттық баскетбол студенттік лигасының мақсаты мен міндеттері елде баскетболды кеңінен насихаттау, жоғары оқу орындарының баскетбол клубтарын дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу орындарының беделін арттыру, үздік студенттік командаларды, ойыншыларды анықтау болып табылады. Осыған қоса Лига Қазақстан Республикасының студенттерінің, магистранттарының, докторанттарының өзін таныту және кәсіби дамуы үшін жағдай жасайды.

      Чемпионат 2 кезеңде өтеді: дивизиондық және финалдық. Бірінші кезеңнің екі турының қорытындысы бойынша біздің команда жақсы дайындық көрсетіп, 8 ойынның 7 ойынында жеңіске жетіп, 1-орынға ие болды.

      Финал Тараз қаласында 2022 жылдың 2-8 сәуірі аралығында өтеді.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: