Университетаралық зияткерлік сайыс жеңімпаздары анықталды



    • Университетаралық зияткерлік сайыс жеңімпаздары анықталды

      АЛМАТЫ. 16 наурыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Физика» мамандығының 1-курс студенттері университет аралық зияткерлік сайысының жүлделі орнына ие болды.

      Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, «6В01504 – Физика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінен құралған «Пифагор» командасы, құрамында Орынбасар Бақытгүл, Базархан Дильназ, Орынбаева Қарақат, Кемелбай Айдана, Кәрібаева Аида, Абжал Аяжан  Алматы қаласының 10 жоғары оқу орны студенттерінің командалары арасында зияткерлік сайысқа қатысты. Шара Халықаралық "Пи" саны күніне арналды. Ұйымдастырушылар Қазақ сәулет-құрылыс академиясы мен Халықаралық білім беру корпорациясы болды.

      Сайыс 3 кезең бойынша өтті: бейнепрезентация, блиц сұрақ-жауап, физика заңдарын басқаша интерпретациясын көрсету.

      Университет командасы өз қабілеттерін көрсетіп, 2-дәрежелі дипломдармен марапатталды.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: