Университеттің қазақ күресі командасы ІІІ орынға ие болды



    • Университеттің қазақ күресі командасы ІІІ орынға ие болды

      АЛМАТЫ. 4 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қазақ күресі құрама командасы Университетаралық Ұлттық студенттік Лигасының іріктеу кезеңінде ІІІ орынға ие болды.

      Ақпан айында басталған Ұлттық лиганың кезекті спорт түрінен жеңімпаздар анықталды. QyzPU құрама командасы университет базасында дайындық жүргізіп, 8 қыздан тұратын құраммен жарысқа аттанған болатын.

      Спорт шебері Усбанов Нұрлан Сұлтанбайұлының қол астында жаттыққан спортшыларымыз тартысты командалық жарыста жақсы дайындық пен қажырлы мінездерін көрсетіп, финалдық кезеңге жолдама алды.

      Команда тұрақты түрде спорт додаларына дайындық жүргізіп отырады. Алдағы жоспарда 1-5 мамыр аралығында өтетін Қазақстан республикасының чемпионатына дайындық басталып кетті.

      Айта кету керек, Студенттік лиганың финалдық кезеңі  Орал қаласында 17-19 сәуір аралығында өтеді.

      Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: