«Нұрпейіс оқулары» аясында халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтеді



    • «Нұрпейіс оқулары» аясында халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтеді

      2023 жылдың 29 наурызында көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының құрметіне арналған дәстүрлі «Нұрпейіс оқулары» аясында «Білім беру ортасының цифрлық трансформациясы жағдайында Қазақстан тарихын оқытуды дамытудың заманауи тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтеді.

      Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

      1.Білім мен ғылымның өзекті мәселелері: теориялық және практикалық аспектілері.

      2. Білім берудегі цифрлық оқыту және ақпараттық технологиялар.

      3. Цифрландыру дәуіріндегі педагогикалық қызметтегі инновациялық технологиялар.

      4. Жастарды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу қазіргі білім берудің құрамдас бөлігі болып табылады.

      5. Қазіргі қоғам және педагогикалық білімді дамыту перспективалары.

      Конференция жұмысына қатысу үшін ұсынылған форма бойынша өтініш пен мақала мәтінін жіберулеріңізді сұраймыз.

      Конференцияға қатысуға шақырылады: ғалымдар, жоғары оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің оқытушылары, докторанттар, магистранттар, бакалавриат студенттерінің мақалалары ғылыми жетекшімен бірлескен авторлықта қабылданады.

      Конференцияның жұмыс тілдері:қазақ, орыс, ағылшын.

      Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2023 жылдың 20 наурызына дейін.

      Өтетін түрі:Қалыпты және ZOOM платформасында

      Басталуы:сағат 10:00.

      Конференция идентификаторы:947 2923 9306, код доступа: 2020

      ZOOMсілтемесі:https://zoom.us/j/94729239306?pwd=RzVLbytUS2YzbVBadVg4VU9LcWht

      Негізгі спикер:тарих ғылымдарының доқторы, профессор К.Д.Саипова, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті

      Толық ақпарат сілтемеде https://docs.google.com/document/d/13YnMr432pgWwztp5g9dXqPR6cPjiKe5W/edit?usp=share_link&ouid=108648842909455914052&rtpof=true&sd=true

      Бөлісу: