Ғылыми, ғылыми-техникалық және қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру конкурсы



    • Ғылыми, ғылыми-техникалық және қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру конкурсы

      «Ғылым айы – 2023» аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қоғам оқытушылары мен қызметкерлері арасында Ғылыми, ғылыми-техникалық және қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру конкурсын жариялайды.

      Конкурстың мақсаты – Университеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін профессор-оқытушылар құрамының, жас ғалымдардың және Қоғам қызметкерлерінің ғылыми, ғылыми-техникалық және қолданбалы қызметін ынталандыру.

      Конкурсқа қатысушылар:

      Жоба жетекшісі ретінде – Университеттің штаттық оқытушылары мен қызметкерлері;

      Жоба орындаушысы ретінде Университет оқытушылары, қызметкерлері, білім алушылары мен басқа да білім беру немесе ғылыми ұйымдар өкілдері.

      Толығырақ талаптар мен конкурсты өткізу тәртібі бойынша ақпаратты Конкурстық құжаттамадан таба аласыздар.

      Өтінімді беру электронды түрде осы сілтеме арқылы жүзеге асырылады.

      Өтінім қабылдаудың басталуы: 15.05.2023 ж.

      Өтінім қабылдаудың аяқталуы: 08.06.2023 ж.

      Конкурс нәтижесі бойынша шешім Конкурстық комиссия тарапынан қабылданады. Жеңімпаздарды іріктеу критерийлері Конкурстық құжаттамада көрсетілген.

      Конкурсты өткізу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда sciencedepartment@qyzpu.edu.kz электронды поштасына жазуыңызға болады.  

      Бөлісу: