Жасанды  интеллект  бойынша  «IQ АЛАМАН 2024» Республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!



    • Жасанды  интеллект  бойынша  «IQ АЛАМАН 2024» Республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!

      Құрметті әріптестер және қонақтар!

      Сіздерді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдығына және ғылым апталығына орай Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 24 сәуірінде  Жасанды интеллект бойынша «IQ АЛАМАН 2024» Республикалық байқауына шақырамыз. Байқауға Информатика және Ақпараттық технологиялар бағыттарына қарасты білім беру бағдарламаларының студенттері  қатыса алады.

      Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголя көшесі 114/1, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық  университеті, Бас оқу ғимараты

      Уақыты: 24.04.2024 ж., сағат 10.00

      Сайыс мақсаты:

      • талантты және дарынды білім алушыларды анықтап, қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашу;
      • білім алушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету;
      • білім алушылар мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту;
      • білім алушылардың ғылыми іс-әрекетке қызығушылығын дамыту.

      Байқауға қатысу үшін өтінімді 2024 жылдың 14-сәуіріне дейін akparattech@qyzpu.edu.kz электрондық поштаға жіберу керек немесе https://forms.gle/qrHAZVun9ayAs815A сілтемесі бойынша тіркеуден өту қажет.

      Жұмыс тілі: қазақ

      Марапаттау: Республикалық байқауға қатысушыларға сертификат, жеңімпаздарға диплом, топ жетекшілеріне алғыс хат беріледі.

      Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне төмендегі телефон арқылы хабарласа аласыздар:

      • +7 707 755 63 93 Алимбаева Жадыра Нурдаулетовна
      • +7 747 038 57 52 Маметжанова Назгуль Хаюмовна

       

       

      Бөлісу: