Кітапхана кадрларын даярлау мәселелері талқыланады



    • Кітапхана кадрларын даярлау мәселелері талқыланады

      2024 жылдың 25-26 сәуірінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, ҚР Университет кітапханаларының қауымдастығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ұйымдастыруымен «Заманауи кітапхана – университеттің ақпараттық-кітапхана  қызметі сапасының кепілі» тақырыбында ХІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

      Конференцияның мақсаты: Заманауи университет кітапханасы және жоғары білім мен ғылымды ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз етудің даму тенденцияларын, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етудің бағдарламалық-техникалық шешімдерін және ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасын бағалаудың заманауи әдістерін талқылау.

      Халықаралық шараға еліміздің 14 қаласынан 44 жоғары оқу орнынан қатысады. Алыс және жақын шетелдерден (АҚШ, Сингапур, Швейцария, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан) 28 маман қатысады. Конференцияның бірінші күні QyzPU-да, екінші күні СДУ университетінде өтеді.

      Бөлісу: