ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті әріптестер мен студенттер



    • ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті әріптестер мен студенттер

      Сіздерді Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің   80 жылдығына орай өтетін «Өнер арқылы тұрақты даму мақсаттарын алға жылжыту» халықаралық шығармашылық симпозиумына (пленэр) қатысуға отандық, алыс және жақын шетелдердің ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларын шақырамыз.

      Іс шара аясында шетелдік қонақтардың қатысуымен Алатау тауларына пленэрлік жұмыс және оқу шеберханаларында шеберлік сыныптар өтеді.

      Симпозиумға Корея, Венгрия, Словакия, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғыстан, Қазақстан елдерінен арнайы шақырылған талантты қылқалам шеберлері қатысады.

      Өтетін күні: 2024 жыл 5 -7 маусым

      Өтетін мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті., Гоголь көшесі 144, Ақ шатыр алаңы.

      Тіркелу сілтемесі https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfd_nOsdEwmuBpNop2RICK2whoEuQIo8bID3-FBU3L-1TEGNQ/viewform?usp=sf_link

      Толық ақпарат қосымшада көрсетілген.

      Жауапты тұлғалармен байланыстар:

      Қырықбаева Сара Мукашевна, +7 707 820 2466

      Тұрғымбай Марат Еңсебекұлы, +7 701 766 4841

      Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті Кәсіптік білім кафедрасы

      Бөлісу: