Инфо-дайджест: Аптаның айтулы оқиғалары. № 41



    • Инфо-дайджест: Аптаның айтулы оқиғалары. № 41

      АЛМАТЫ. 28 ақпан. Баспасөз орталығы – 2022 жылғы 21 – 25 ақпан аралығындағы аптаның айтулы оқиғалары.

       

      23.02.2022

      АЛМАТЫ

      Құрметті студенттер! QyzPU University комплеанс қызметінің жедел желісі жұмыс істейтінін хабарлаймыз. 

      Қызметтің басты мақсаты – алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және қоғам қызметіне қатысты өзге де бұзушылықтар жағдайларын уақтылы анықтау және алдын алу. 

      Өтініштерді барлық тұлғалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде келесі байланыс арналары арқылы бере алады: 

      +7 727 237 01 00 

      compliance@qyzpu.edu.kz

       Алматы қ., Гоголь к-сі, 114, 1 корпус, 316 каб.

      ****

      АЛМАТЫ

      – Атақты ғалымның ғылыми мұрасы зерделенеді. 3 наурызда QyzPU University-да көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, академик Зәки Ахметовтің құрметіне арналған жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтеді.

      «Зәки Ахметов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы дәстүрлі жиынға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысады деп күтілуде.

      ****

      АЛМАТЫ

      – Мәдениет пен өнер – қоғам дамуында үлкен рөл атқаратын саланың бірі. QyzPU University педагог мамандарын даярлаумен қатар, руханият саласына да басымдық береді. Осы мақсатта «Көркем өнердегі даралық» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырылды. 

      «Art Dara» галереясында өткен іс-шарада көпшілік назарына педагогика ғылымдарының кандидаты Нұрзия Рахметова мен профессор Гүлмария Қалдыбаеваның және «Кәсіптік оқыту» және «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасында оқитын студенттердің шығармашылық еңбектері ұсынылды.

       

      25.02.2022

      АЛМАТЫ

      – Әйелдердің қоғамдағы белсенділігі қандай? Әйел құқықтарын қорғау қаншалықты деңгейде екендігін білгіңіз келе ме? Онда QyzPU University-да өтетін «Әйелдер құқығы мен әлеуметтік белсенділігі» тақырыбындағы ақпараттық сессияға қатысып, осы тақырып туралы барлық сауалдарыңызға жауап алыңыз.   

      Күні: 05.03.2022 

      Уақыты: 13.00 

      Өту форматы: онлайн және оффлайн 

      Тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

      https://forms.gle/J4AQfTQbDpNCqjDcA

      ****

      АЛМАТЫ

      – Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру – олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Осы мақсатта QyzPU University-да студенттік басқару ұйымдары, спорт секциялары мен клубтар жұмыс істейді. Студенттік үйлерде тұратын білім алушылардың салауатты өмір салтын сақтауға үндеу мақсатында волейболдан турнир өтті

      Спорт сайысына «Жасstar», «Жалын», «Алау», «Грация» және «Сұңқар» командалары қатысты.

      ****

      АЛМАТЫ

      QyzPU University Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай «Болашақ» бағдарламасының стипендианттарымен кездесті.

      Биыл Университеттің 20 оқытушысы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білімін жетілдіріп, біліктілігін арттырмақ. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда едәуір жоғары. Кездесуде Гүлмира Қанай стипендия иегерлеріне сәттілік тілеп, биылғы жылғы көрсеткішті бірнеше есе көтеруді жоспарлап отырғанын жеткізді.

      МЕДИА

       

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: